📣ЖЫР СҮЙЕР ҚАУЫМҒА ШАҚЫРУ!
⚜️ «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» жобасының амбассадоры сіздерді дүбірлі жыр додасына шақырады!
Жоба мақтанышымен таныс болыңыздар:
Әмірханова Райана Талғатқызы
• Мектебі: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Ә. Ермеков атындағы тірек мектебінің 9-сынып оқушысы.
• Жетістігі: 2025 жылы «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдастыруымен өткен «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтудан облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Бас жүлде иегері әрі жеңімпазы!
Төл өнерді бірге ұлықтайық!
«Батырлар жыры — ұлттың рухы, бабалардың аманаты».
Райана сияқты сөз қадірін түсінген, батырлар жырын көкірегіне тоқыған дарынды жастарымыз — бүгінгі күннің нағыз тұлпарлары!
Ардақты ағайын, өнерсүйер қауым! Қазақтың қайсар рухын асқақтататын, сөз құдіретін паш ететін айтулы жыр додасынан қалыс қалмаңыздар! Бабалар аманатын арқалаған жас дарындарға бірге қолдау көрсетейік!

KZ
