Skip to content

Жыл сайын 1 наурыз күні Әлемдік азаматтық қорғаныс күні тойланады.…

Жыл сайын 1 наурыз күні Әлемдік азаматтық қорғаныс күні тойланады. 1931 жылы Париж қаласында Женева аймақтарының қауымдастығы құрылды. Кейін ол Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымына айналды. 1997 жылы қазан айында Бірінші Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысына қосылатынын жариялады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес қорғаныс бөлімшелерінде интерактивті сабақтар, әңгімелесулер, дәрістер, оқу – жаттығулар және ашық есік күндері өткізіледі.