ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы ғимаратында қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиында балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау және ата-аналардың жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар биылғы оқу жылын қорытындылау мәселелері де көтерілді. Мамандар мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру мерзімі, ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі, сондай-ақ қала мектептеріндегі қазіргі оқушылар саны туралы ақпарат берді.

KZ

