☘️"Жасыл Қазақстан" экологиялық сауаттылықапталығы аясында 21 сәуір күні 5- сыныптар арасында "Экологиялық лабиринт" ойыны жүргізілді.
☘️Ұраны: "Тек бірге, тек сүйіспеншілікпен табиғатқа көмектесу керек!"
🌿Мақсаты: Балалардың экологиялық проблемалардың түрлері және оларды шешу жолдары туралы білімдерін нығайту және тексеру. Мектеп оқушыларының табиғатты қорғауға деген құштарлығын ояту, табиғатты қорғаудың белгілі бір шараларын орындау туралы нұсқаулар беру.
Ойын барысында оқушылар табиғатты қорғау ережелері, табиғатты қорғау туралы Заң, ҚР-ның қорықтары, табиғат туралы мақал-мәтелдер айту т.б. түрлі тапсырмалар орындап, сайысқа түсті. Сайыс соңында "Табиғат тілегі" айдарымен топтар бір-біріне жақсы тілектер айтты. Сайыс қызықты өтіп, жеңімпаз топ анықталды.
#balqash_bilim_bolimi
#қоббтәрбие










