ЖАН ТЕБІРЕНІСІ…
Балқаш қаласының амфитеатрында аға буын өкілдеріне арналған ерекше ретро кеш өтті. Қала тұрғындарының сүйікті мәдени шараларының біріне айналған би кеші биыл да ардагерлер мен зейнеткерлердің басын қосып, оларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Кеш қонақтары жастық шақтың әуезді әндерін тыңдап, би билеп, өткен күндердің жарқын естеліктерін жаңғыртты. Іс-шараны М. Хамзин атындағы мәдениет сарайының жанындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ұйымдастырды.
Балқаш қаласында зейнеткерлердің белсенді өмір салтын қолдау және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ретро кеш өтті. Амфитеатр алаңында өткен мерекелік шараға қала тұрғындары мен ардагерлер көптеп жиналып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Айта кетерлігі, мұндай би кеші қалада екінші рет ұйымдастырылып отыр және қатысушылар тарапынан зор қолдау тауып келеді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өткен жылдан бері зейнеткерлерге арналған мәдени, спорттық және танымдық бағыттағы түрлі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Ретро кеш те сол игі бастамалардың жалғасы ретінде ұйымдастырылып, аға буын өкілдеріне жастық шақтың жарқын сәттерін еске түсіруге мүмкіндік берді. К�

KZ

