Жалпы, Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық татулық пен үндестік идеологиясын жүргізіп, әлемге бейбітшілік шаңырағын тұрғызуға қадам жасауы – біздің еліміздің бейбітсүйгіштік қасиетінің айғағы. Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін еліміздің азаматтары әрдайым мақтан тұтады. Қазақ мемлекеті көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Нақтырақ айтсақ, елімізде 140-тан астам ұлт пен 40 конфессия бейбітшілік пен өзара келісім жағдайында тату-тәтті өмір сүруде. Біздің ішкі саясатымыздың өзі бейбітшілік пен келісімді ту етіп, басқалар құра алмаған қоғам бізде орнағанын анық көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Қиын замандарда, «тар жол, тайғақ кешкен» уақытта да қазақты ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі екені ақиқат. Мемлекетімізде дәстүр болып қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нәтижесінде еліміз өркендеп, ілгері басып, әлем бойынша абыройы артып келеді. Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының татулығы мен достығы, ынтымақтастығы мен бейбітшілігі мемлекетіміздің басты байлығы және бұл жер жүзіндегі қырғи-қабақ боп жатқан басқа елдерге үлгі-өнеге болады.
#Заңментәртіп#Қауіпсізқоғам#Құқықтықмәдениет#Заңментәртіп_Қарағанды#ҚұқықтықТәртіпӘліпбиіҚарағандыАзаматтарғаАрналғанҮкімет @balqash_qbb @balqash_qalasy_akimdigi @akimat__09 @prokuratura_obl_krg @prokuratura_balkhash @ishkisayasatbasqarmasi

KZ

