Skip to content

“Заң және тәртіп” апталығы аясында 1-8 сыныптарда “Қауіпсіз жол” тақырыбында…

“Заң және тәртіп” апталығы аясында 1-8 сыныптарда “Қауіпсіз жол” тақырыбында сынып сағаттары өтілді.
Мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және қауіпті жағдайлардың алдын алу болды.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері, бағдаршамның қызметі, көшеде жүріс-тұрыс мәдениеті және жолдағы қауіп-қатерден сақтану жолдары түсіндірілді. Балалар түрлі көрнекіліктер, бейнероликтер және жағдаяттық сұрақтар арқылы өз білімдерін бекітті.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #қоббтәрбие #заңжәнетәртіп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *