Skip to content

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы…

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш қаласында прокуратура мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және аумақтың тазалығын сақтау бағытында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, демалушыларға қоршаған ортаны ластамау, қоқысты арнайы орындарға тастау және тазалық қағидаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Тексеру барысында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

#ЗаңЖәнеТәртіп #ТазаҚазақстан #Балқаш #ЗаконИПорядок #ТазаКазахстан Балхаш