«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш қаласындағы жағажай аумақтарында рейдтік іс-шара өткізілді.
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері жағажай аумағында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында санитарлық тазалықтың сақталуы, абаттандыру талаптарының орындалуы және қоғамдық тәртіп мәселелері тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлер мен жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау жөнінде ескертулер берілді.
#ЗаңменТәртіп
KZ


