Skip to content

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш қаласы Полиция бөлімшесі ӘПБ…

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш қаласы Полиция бөлімшесі ӘПБ және ППР қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қоғамдық көліктерге бақылау жүргізіліп, 15 автобус тексерілді. Сонымен қатар автопарк жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.

#ЗаңМенТәртіп