Skip to content

“Ұстаз-ұлт шамшырағы” құттықтау челленджі. Ұстаз — жай ғана мамандық емес,…

“Ұстаз-ұлт шамшырағы” құттықтау челленджі.
Ұстаз — жай ғана мамандық емес, бұл — жүректен берілетін ұлы миссия.
Ұстаз болу — адам өміріне жол сілтеу, бала жүрегіне үміт ұялату, біліммен қатар тәрбие беру.
Ол — шәкіртінің болашағын өз бақытымен тең көретін жан.
Ұстаз – шыншыл сыншы, сабырлы тәрбиеші, ақылман дос, екінші ата-ана.

Кейде бір ауыз сөзіңіз – бағыт,
Кейде бір мейіріміңіз – шабыт,
Кейде бір үнсіздігіңіз – тәрбие…

Ұстаздың қолында тек кітап емес, тұтас ұрпақтың тағдыры, елдің ертеңі жатыр.
Сондықтан да:
“Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы!”
#Адал_азамат #ұстазкүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *