Ұстаз мұратын жан-жақты тану, зерттеу-бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда Қазақстан халқы тілдері және А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Еңселі елдің- ұлы тұлғасы" тақырыбында бүгін 7.09.22ж күні 9-11-сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
"Еңселі елдің-ұлы тұлғасы" тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының Алаш қайраткері, ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қазақтың біртуар азамат Ахмет Байтұсынұлының қазақ халқы үшін сіңірген зор еңбегін дәріптеу.
Дөңгелек үстелде А. Байтұрсынұлы туралы баяндамалар оқылды. Ұлт ұстазының өмірбаянынан қызықты деректер айтылды. Шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалап, өлеңдерінен үзінді оқылды.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi #қоббтәрбие #ахметбайтұрсынұлы150жыл
#балаларжылы






