Skip to content

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АҚЫЛ,…

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған
«АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА» облыстық байқауының қалалық кезеңі
2025 жылдың 29-30 қазан күндері М. Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ақ отау» залында аталмыш байқаудың қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың бірінші күні, 29 қазанда, 5–8 сынып оқушылары арасында «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша сайыс өтті. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынның терең ойлы мұрасын жаңаша қырынан таныта білді.
Қалалық кезең қорытындысы бойынша:
🏆 І орын – Жанатова Жанель
🌟 «Абай өлеңін үздік оқушы» номинациясы – Абылғазы Кәусар
Жеңімпаздар 25-26 қараша күндері Қарағанды қаласында өтетін байқаудың қорытынды облыстық кезеңіне Жанатова Жанель жолдама алды.
Бұл байқау жас буынның сөз өнеріне, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, Абай даналығын терең ұғынуға бағытталған игі шара болды. @umckrg @balqash_qbb @tilder_ortalygy

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *