Skip to content

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету- ата- бабадан келе жатқан салтымыз.…

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету- ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Осыған орай, 29.09.2025 күні “Жыл мұғалімі – 2025” байқауының мектепішілік кезеңінің қатысушысы М. Н. Абиласимова 3 «Ә» сыныбында «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
🎯 Мақсаты:
• Оқушыларға үлкенді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету туралы түсінік беру
• Ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру
• Қарттардың өмірлік тәжірибесін бағалау, оларды қоғамның асыл қазынасы ретінде тану
📚 Сабақ барысы:
• Тақырыпты таныстыру
• «Қарты бар үй – қазыналы үй» деген мақалдың мәнін талқылау
• Қарттар туралы өлеңдер оқу (мысалы: «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»)
• Қарттармен сұхбат немесе олардың өмір жолы туралы әңгімелер
• Қайырымдылық пен қамқорлық туралы топтық жұмыс
• Қарттарға арнап тілектер айту
• «Қарттарым – асыл қазынам» атты шағын концерттік бағдарлама
• Қорытынды сөз: үлкенге құрмет көрсету – ұлттық тәрбиенің негізі.
#Адал_азамат #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #біртұтас_тәрбие #umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *