Skip to content

📚 «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы ⚔️ «Алпамыс батыр»…

📚 «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы

⚔️ «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқу байқауына 6–10 сынып оқушылары шақырылады!

🎯 Мақсаты:
• Қазақтың рухани мұрасын насихаттау;
• Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;
• Батырлық эпостарға қызығушылықты арттыру;
• Патриоттық рух пен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

📍 Қатысушылар:
6–10 сынып оқушылары (әр мектептен 10 оқушы, әр сыныптан 2 оқушы).

🗓 Өтетін кезеңдері:
🔹 I кезең (аудандық/қалалық) – 1–30 қазан 2026 ж.
🔹 II кезең (облыстық) – 10 қарашаға дейін, Қарағанды қаласы.

🏆 Байқау тапсырмалары:
✅ «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту;
✅ Жыр мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
✅ Көнерген сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру;
✅ Облыстық кезеңде жырды кез келген жерінен жалғастыру.

📖 Кітап оқып, ұлттық мұрамызды дәріптейік! 🇰🇿