Skip to content

🎊Түлектерден – туған мектепке тарту Туған мектебіне деген құрмет пен…

🎊Түлектерден – туған мектепке тарту
Туған мектебіне деген құрмет пен ыстық ықыластың жарқын үлгісін көрсеткен 1979 жылы туған, 1996 жылғы мектеп түлектері мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай білім ордасына игі сый жасады.

Түлектердің демеушілігімен мектеп алдына күнқағар (көлеңкелік шатыр) орнатылып, пайдалануға берілді. Бұл нысан мектеп оқушылары, ұстаздары мен ата-аналары үшін күннің ыстығы мен жауын-шашыннан қорғайтын жайлы орынға айналмақ.

Осындай игі істі қолға алып, туған мектебінің көркеюіне үлес қосқан 1996 жылғы түлектерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі болып, мектеп тарихында ізгі дәстүрдің жалғасы боларына сеніміміз мол.

Туған мектебіне жанашырлық танытып, бағалы тарту жасаған 1996 жылғы түлектерге зор ризашылығымызды білдіреміз!
#балқашқаласыбілімбөлімі #адалазаматбіртұтастәрбие #саяқкентіәкімдігі