«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасуда
Балқаш қаласында санитарлық тазалықты сақтау және аумақтарды абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
🔹 Бүгін қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерде жиналған ағаш бұтақтары, жасыл қалдықтар және қураған өсімдіктер арнайы техника көмегімен шығарылуда. Жұмыс барысында аумақтар ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолдары мен іргелес аумақтар артық қалдықтардан тазартылуда.
Атқарылып жатқан шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған. Қаланы көркейту мен тазалығын сақтау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Балқаш
KZ


