«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы көркейту жұмыстары жалғасуда
Балқаш қаласында қоғамдық орындардың тазалығы мен көркін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін қаладағы саябақ және демалыс аумақтарында санитарлық тазалық шаралары ұйымдастырылып, жасыл желектер күтімнен өткізілді.
🔹 Жұмыс барысында ағаштардың түптері әктеліп, құрғақ бұталар мен сынған бұтақтар жиналды, аумақтар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтардың тазалығы ретке келтіріліп, тұрғындардың жайлы демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді.
#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Балқаш
KZ


