Skip to content

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау…

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласында тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Бүгін қала аумағында санитарлық тазалық шаралары жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктер ретке келтірілді. Жұмыстар барысында жиналған тұрмыстық және ірі көлемді қалдықтар шығарылып, аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

Қаланың тазалығы мен көркеюін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.

#ТазаҚазақстан