Тарих апталығы жоспары аясында мектебімізде “Тарихқа тағзым” атты танымдық викторина өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың тарихи білімдерін кеңейту, ұлттық мұраға деген қызығушылығы мен құрмет сезімін арттыру.
Викторина барысында қатысушыларға тарихи оқиғалар, ұлы тұлғалар, мәдениет пен өркениетке қатысты сұрақтар ұсынылып, топтық және жеке тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білім деңгейлерін көрсетіп, жаңа мәліметтермен танысты.
Іс-шара тарих апталығының мазмұнын толықтыра түсті және оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтас_тәрбіе

