Skip to content

🍁Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі,…

🍁Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әр жылы мектебімізде осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Алтын күз» мерекесі барысында балалар күз мезгілі туралы білімдерін ортаға сала білді. 5-7 сынып оқушылары өз өнерлерін, шеберліктерін ,тапқырлықтарын көрсете білді.
5-7 сыныптар арасындағы “Алтын күз” мерекесі өте тартысты өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *