Skip to content

🍁Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі,…

🍁Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап – сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата – бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, біздің мектебімізде осы күз мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Осы дәстүр бойынша 13 қазан күні мектебіміздің 5-8 сыныптары арасында "Күзгі вернисаж" шығармашылық байқауы өтілді.
Байқауға қатысушы сыныптар Таныстыру, "Күзгі қиял", "Үй тапсырмасы", "Күз сыйы" кезеңдерінде өз өнерлерін ортаға салып, тартысты сайыстың нәтижесінде ең үздік сынып топтары жеңіске жетті.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏👏👏
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *