Skip to content

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және…

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – жасөспірім кезден бастап ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Осы мақсатта мектеп оқушыларына «Адалдық сағатында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің экс-қызметкері А.Есжанов туралы түсірілген бейнеролик көрсетілді.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @umckrg @g.kozhakhmetoova #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *