"Саяқ кентінің N6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектеп кітапханасында жоспар бойынша Ерлік сабағына арналған 6.04.2023ж "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі" атты М.Мәметованың 100 жылдығына орай танымдық сабақ өтті.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аты аңызға айналып, ерлік ісі таң қалдырған қазақтың батыр қызы М.Мәметованың жарқын өмірі және ерлік істерін ұрпаққа үлгі, өнеге ету. Патриоттық сезім ояту. Отансүйгіштікке, ерлікке баулу.
Оқушылар Мәншүк жайлы фильм көріп тамашалады. Ш.Бейсенованың "Тағылымды тағдырлар" кітабынан Мәншүк Мәметованы өз қолымен жерлеген ҰОС-ң ардагері Ахметқазы Болатовтың естеліктері тыңдалды.Көрме материалдары таныстырылды.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @g.kozhakhmetoova @umckrg






