«Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінде 26.01-30.01.2026ж аралығында
«Математика айналамызда» атты математикалық сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтуді.
Апталықтың негізгі мақсаты : Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Міндеттері:
– білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
– математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
– оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
– білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;
– математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу;
Апталық барысында: қызықты сайыстар мен зияткерлік ойындар, логикалық есептер мен практикалық тапсырмалар, викториналар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

KZ


