Skip to content

“Саяқ кенті жалпы білім беретін мектебінде 11- сынып оқушыларына кәсіби…

“Саяқ кенті жалпы білім беретін мектебінде 11- сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті бастамасымен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында «SERPIN WAY» атты таныстыру жұмысы жүргізілді.
Шара барысында оқушыларға «Серпін» бағдарламасының маңызы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Атап айтқанда, еліміздің солтүстік өңірлерінде білім алу, мемлекеттік гранттар негізінде оқуға түсу, жатақханамен қамтамасыз етілу және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар университет мамандары оқу орындарының мамандықтары, оқу үдерісі, студенттік өмір және қабылдау шарттары туралы толық мәлімет ұсынып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді.