РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР
Балқаш қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауқымды семинар ұйымдастырылды. Бұл бастама арнайы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында негізге алынған. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін түсіндіру және заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер туралы ақпарат беру. Семинар барысында спикерлер Мемлекеттік рәміздердің Конституциялық заңмен, Үкімет қаулыларымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен бекітілетінін атап өтті. Қатысушыларға рәміздерді дұрыс қолдану, орналастыру және ресми талаптарға сәйкестендіру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

KZ

