Skip to content

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ Балқаш қаласының полиция бөлімі қаламыздың мектеп оқушыларына арналған…

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
Балқаш қаласының полиция бөлімі қаламыздың мектеп оқушыларына арналған арнайы кино көрсетілімін ұйымдастырды. Тәртіп сақшыларының бұл бастамасы – жасөспірімдер арасында патриоттық сезімді арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және құқық қорғау органдары қызметінің маңызын түсіндіру.
Көрсетілім барысында оқушыларға халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен өмір жолын баяндайтын фильм ұсынылды. Батырдың ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолындағы ерлігі жас көрермендерге ерекше әсер қалдырды.