Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 1-11 сыныптарда бірқатар сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рух қалыптастыру, тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттау.
Сынып сағаттарда Қазақстан батырларының жанқиярлығы, Отан алдындағы адал қызметі және ел тыныштығын сақтаудағы ерлігі туралы ой қозғалды. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің тарихи маңызы мен әскердің мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен айтылды.
#адалазамат #біртұтастәрбие
KZ













