“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында кітапханаға алғашқы рет келген кішкентай бүлдіршіндердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, өз беттерімен кітапханаға келіп кітап таңдауларына мүмкіндік беру мақсатында кітапханаға саяхат жасалды.Балалар “Ертегілер елінде” атты кітап сөресіндегі әртүрлі кітаптармен танысып, өздері білетін ертегілер жайында жарыса айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Әріптерді білеміз, кітап оқи аламыз деген балалар кітапхана оқырмандары болғымыз келеді деп тілек білдірді.
