“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 23сәуір-Ұлттық кітап күніне орай мектеп кітапханасында Саяқ кентінің N6 кітапхана филиалының кітапханашысы Оспанбекова Шолпан Медетовнаның қатысуымен білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында “Кітап- ғажайып әлем” атты танымдық сабақ өтті. Оқушылар кітаптың шығу тарихы жайлы видеоролик көріп, “Кітап және компьютер” айтысын тамашалады. Шолпан Медетовна оқушылармен “Сөзжұмбақ” ойынын ұйымдастырды. Оқушылар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, кітап жайлы, өздері оқыған кітаптарымен ой бөлісті.
#Біртұтас_тәрбие
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#ұлттықкітапкүні2025
#оқуғақұштармектеп


