Оқу сауаттылығы апталығының аясында қаңтар айының 18 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанайдарова А.Б ұйымдастыруымен 9а, 9ә сынып оқушыларының арасында «Асыл сөз» интеллектуалды шешендік өнер сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, тез шешім қабылдауға бейімдеу. Сайысқа «Бірлік», «Қыран», «Болашақ», «Жас өркен» топтары қатысып, V кезең бойынша білімдерін сынады. Нәтижесінде 36 ұпаймен «Жас өркен» тобы жеңіске жетті.
@balqash_qbb @umckrg #оқусауаттылығыапталығы









