Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні ретінде белгіленген.Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға,жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.
Бұл күн қазақтың ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, олардың маңыздылығын, жастарға беретін тәрбиелік мәнін атап өтетін ерекше күн. Ұлттық спорт біздің мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлері тек халықтық ойындар ретінде ғана емес, жастарға елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық сана-сезімін көтеретін құрал ретінде де қызмет етеді. Олардың тәрбиелік мәні өте зор, себебі ұлттық спорт түрлері тек физикалық қабілеттерді дамытып қана қоймай, жас ұрпақты рухани тұрғыда байытуға ықпал етеді.Осы күнге орай мектебімізде тоғызқұмалақ,асық ату және бес асық ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#наурызнама2025
#balqash_qalasy_bilim_bolimi









