Skip to content

Мектепте «Заң және тәртіп» апталығы аясында «Құқық әлемі» атты тақырыптық…

Мектепте «Заң және тәртіп» апталығы аясында «Құқық әлемі» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясы, балалар құқықтары туралы халықаралық және отандық құжаттар, құқықтық тәрбиеге арналған әдебиеттер, энциклопедиялар, анықтамалықтар мен танымдық кітаптар ұсынылды. Оқушылар заң ұғымымен, құқықтық нормалармен, жауапкершілік түрлерімен танысып, құқықтық білімнің маңыздылығына көз жеткізді.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #заңжәнетәртіп #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *