Skip to content

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Саяқ кенті №6 ЖББ…

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Саяқ кенті №6 ЖББ мектебінің 25 оқушысына мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып беруге қолдау көрсеткені үшін мешіт жамағаты,ата-аналар қоғамдастығы мүшелеріне шын жүректен алғыс білдіреміз!

Сіздер қайырымды істеріңіз арқылы балалардың жаңа оқу жылына шат көңілмен қадам басуына себепкер болдыңыздар. Сіздердің тараптарыңыздан әлеуметтік қолдау жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатыны — ел болашағына деген жанашырлықтарыңыздың айғағы.

Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, ұжымдарыңызға толайым табыс, тұрақты даму мен өркендеу тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *