🇰🇿Мектеп кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік-тұғырым” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
🇰🇿Көрменің мақсаты – оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолын, елдің даму тарихын, ұлттық рәміздердің маңызын таныстыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
🇰🇿Көрмеде тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерін баяндайтын тарихи еңбектер, мемлекет қайраткерлерінің кітаптары, ұлттық мәдениет пен руханиятқа арналған әдебиеттер, сондай-ақ балаларға арналған танымдық басылымдар қойылды.
🇰🇿Оқушылар ұсынылған әдебиеттермен танысып, ел тарихына қатысты мәліметтер алды, тәуелсіздіктің құндылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #тәуелсіздіккүні

