📚Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мақатаевтың туған күніне арналған "Поэзия тұлпары- М.Мақатаев" атты 5-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, өлеңдері арқылы халқына, тіліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Мұқағали мұрасы болашақ ұрпақтың қастерлеп, қадірлейтін қазынасы болмақ.
Байқауға қатысушыларға әділ қазылар өз бағасын беріп, марапаттады.
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#мұқағалимақатаев









