Skip to content

Мектеп әкімшілігі 1 – 11 сынып оқушыларына мектеп ережелері мен…

Мектеп әкімшілігі 1 – 11 сынып оқушыларына мектеп ережелері мен тәртіп жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры М.Жумашева «Тәртіп — тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» демекші оқушыларды мектеп ережесін сақтауға, тәртіпті болуға, кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға шақырды.2024 жылдың 25 қыркүйегі күні мектеп инспекторы А.Нурсейтов 7-11 сынып оқушыларына «Жас өспірім және Заң» тақырыбында дәріс өткізді.1-11 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Куленов Берік Нұрланұлы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі жүріп–тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Оқушының түнде ата-анасыз жүруге болмайтыны, кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуге болмайтыны ескертілді. Түнгі рейд кесте бойынша жүргізіледі. Біртұтас_тәрбие#uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official@umckrg # #@umckrg #

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *