Мектебімізде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді, адалдық қағидаттарын қалыптастыру, қоғамдағы жемқорлықпен күресуде жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. «Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.
@balqash_qbb @umckrg #қоббтәрбие #мектеппарламенті




