Мектебімізде жаңа «Министр» тағайындалды! 🇰🇿
1 наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында мектебімізде ерекше оқиға орын алды. Оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттайтын «Мектеп ТЖ министрін» тағайындау рәсімі өтті. Мектебіміздің ТЖ министрі 9 Б сынып оқушысы Серикпаев Адал тағайындалды.
🛡️ Жаңа министрдің міндеті қандай?
Мектеп ішіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау;
Төтенше жағдайлар кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беру;
Қатарластары арасында «Сақтықта қорлық жоқ» қағидасын насихаттау.
Салтанатты түрде ант беріп, жауапты қызметке кіріскен оқушымызға сәттілік тілейміз! Мектебіміз қауіпсіз қолда!
📍 #МектепТЖМинистрі #АзаматтықҚорғаныс #ҚауіпсізМектеп #ЖасҚұтқарушы #1Наурыз
KZ



