Skip to content

Мектебімізде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында кәсіптік бағдар беру…

Мектебімізде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында кәсіптік бағдар беру мақсатында 5–6 сынып оқушылары арасында “Мамандықтар марафоны” атты әртүрлі саладағы ең үздік маманды анықтауға арналған байқау өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, түрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Байқау екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар өздері таңдаған мамандық бойынша буклет немесе лепбук дайындап, оны қорғады. Оқушылар мамандықтың маңызы, қоғамдағы рөлі, қажетті дағдылары мен ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Екінші бөлімде қатысушылар мамандықтарға байланысты жұмбақтарды шешіп, тапқырлықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
📍Жеңімпаздар дипломмен марапатталды.
Іс-шара қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алды. Байқау оқушылардың мамандықтар әлеміне деген қызығушылығын арттырып, адал еңбекке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
#біртұтас_тарбие
#еңбегіадалжасөрен
#балқашқаласыбілімбөлімі