Skip to content

Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында “Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты…

Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында "Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам" тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ жүргізілді. Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету.
2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.
3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру.

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер
Позитивті қарым-қатынас, тәрбие, шығармашылық, ұрпақтар сабақтастығы, денсаулық, достық, сүйіспеншілік.
Еңбекқорлық, жауапкершілік, қызығушылық, ашықтық, мейірімділік, өзіне деген талапшылдық, позитивті көңіл-күй.
@umckrg #қоббтәрбие @balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *