Мектебімізде әр аптаның сейсенбісінде бірінші және екінші ауысымдарда дене жаттығулары өткізіліп тұрады.
Дене жаттығуы — бұл оқу күні басталмас бұрын немесе оның барысында ағзаның өмірлік маңызды жүйелерін белсендіруге бағытталған қарапайым әрі қолжетімді қозғалыс белсенділігінің түрі. Оның негізгі қызметі — оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сондай-ақ ұзаққа созылған ой еңбегінен туындайтын шаршаудың алдын алу.
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтаудың тиімді тәсілін қалыптастыру, олардың оқу белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәдениетін дамыту.
#Адал_азамат #денешынықтыружаттығулары #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі
