Skip to content

Мектебімізде 7–11 сынып ұл балаларына арналған «Менің денсаулығым және болашағым»…

Мектебімізде 7–11 сынып ұл балаларына арналған «Менің денсаулығым және болашағым» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Дәрістің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шара барысында жеке гигиена, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің алдын алу, физикалық белсенділік, психологиялық тұрақтылық және ер азаматтың қоғамдағы рөлі туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістер мен олардың денсаулыққа әсері түсіндіріліп, өз денсаулығын сақтаудың жолдары талқыланды.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара ұл балалардың өмірге деген жауапкершілігін арттырып, болашақ жоспарларын айқындауға оң ықпал етті.
#адалазамат #біртұтастәрбие