Мектебімізде 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында сауалнама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың адалдық, әділдік және жауапкершілік туралы түсініктерін анықтау, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын ұғындыру.
Сауалнама барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, адал болудың маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Көпшілік оқушылар сыбайлас жемқорлықтың заңға қайшы әрекет екенін және оның қоғам дамуына кері әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, олар әділдік пен шыншылдық әр адамның басты қасиеті болуы керек деген тұжырым жасады.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #адал_азамат #umckrg

KZ
