Мектебімізде 1–2 сынып оқушылары арасында «Ертегі аруы» атты ерекше байқау өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру және ертегі кейіпкерлері арқылы өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Аталған байқауға Мұнарбек Жания (2 «Б» сыныбы), Кенжебековка Нұрай (1 «А» сыныбы), Әлім Наргиз (1 «Ә» сыныбы), Имантаева Ясмина (1 «Б» сыныбы) қатысып, өз өнерлерін жан-жақты таныта білді. Қатысушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесін шебер сомдап, сахнада өздерін еркін ұстап, көрермендердің көңілінен шықты.
Байқау барысында оқушылардың әсем киімдері, көркем сөйлеуі мен өнерлері ерекше әсер қалдырды. Кішкентай арулар өздерінің таланттарын көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат

KZ
