“Медицинаға қадам” атты облыстық жобасы аясында, 2024-2025 оқу жылында 7 сынып оқушылары “Медициналық сынып” қатарына кірді. Жобаның басты мақсаты: оқушылардың медицинаға деген қызығушылығын анықтау, олардың ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлануын қалыптастыру.
Оқушылар жартыжылдық есеп ретінде қонақтарды алғашқы медициналық көмек жасаудың алғышарттарымен таныстырып, практикада нұсқаулық жасады. Тағы бір топ қан қысымның алдын алу іс-шараларын ұсынды. Ары қарай, оқушылар аптаның жоспарға сәйкес өткізілетін сабақтың практикалық бөлімін көрсетті. Тақырыбы: “Сусындардың зияны мен пайдасы”. Бір топ қанттың газдалған сусындардың құрамындағы үлесін көрсетсе, екінші топ газдалған сусындардың асқазанға кері әсерін практикалық тұрғыдан көрсетті.
#балқашқаласыбілімбөлімі