Skip to content

Лудомания. Соңғы кезде жиі естіп жүрген сөз. Құмар ойынға деген…

Лудомания. Соңғы кезде жиі естіп жүрген сөз. Құмар ойынға деген тәуелділік. Қазақстан қоғамында дендеп келе жатқан дерт деуге болады. Тіпті, мәселе жақында Президент төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды. Мемлекет басшысы:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мұны психикалық ауытқуға соқтыратын сырқаттар санатына қосқан. Ал, Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда шамамен 36 мың лудоман бар. Министрлік бұл статистиканы әлемдік жағдаймен салыстыра келтірген.
Жер шарындағы ересектердің 3 пайызы осы есепке алынған. Бірақ, оңалту орталығының мамандары ойыншылар одан да көп болуы мүмкін. Өйткені, көмек сұрайтындар күн санап артып жатыр.
Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына құмар ойындар мен бәстесудің зияны туралы ақпараттық үлестірме материалдар таратылды.
#біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қобб

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *