Skip to content

Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы – мұның…

Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы – мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қақты. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. Жасөспірімдер психологы Азамат Бейсетов көп жағдайда лудомания дертіне ер адамдар шалдығатынын айтты. Айтуынша, тәуелділікті екі санатқа бөлуге болады:
1.Химиялық тәуелділік. Оған алкоголизм мен наркомания жатады.
2.Іс-қимыл тәуелділігі. Олардың қатарына игромания, лудомания, гэмблинг жатады.
Аталмыш дерттің алдын алу,жастарға ойынқұмарлықтың салдары қандай болатыны туралы түсініктерін кеңейту,оның алдын алу мақсатында «Саяқ кентнінің №6 ЖББМ» КММ-нде қаңтардың 31 күні «Жас өркен» ұлдар клубының жетекшісі Қожахметов Ә.Б. ұйымдастыруымен «Жасөспірімдерге құмар ойынның салдары туралы» тақырыбында дәріс өткізді.
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg
#dosbollike

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *