Күзгі демалыс күндеріндегі іс-шаралар жоспары аясында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 29 қазан күні үйірмеге қатысатын оқушылар арасында "Біз спортты таңдаймыз" атты футболдан спорттық жарыс өтті. Жарысқа төрт команда қатысып,ойын тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды "ФК Саяқ",2-орынды "Алаш",3-орынды "Жеңіс" командалары иеленді.
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие










